Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 Қаулысы
Бүкіл мәтін бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы" сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" сөздермен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" сөздер "ҚазАгро" холдингі" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 13.03.2009 № 297 Қаулысымен. (07.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 18.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "ҚазАгро" холдингі" АҚ) құрылсын.
2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарды тиiмдi басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуды ынталандыру болып белгiленсiн.
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
"ҚазАгро" холдингі" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн; 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп: 
1) "ҚазАгро" холдингі" АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды; 
2) "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның ережелерiн ескере отырып, "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарғысын бекiтудi; 
3) "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн бағалауды жүргiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп: 
1) бiр ай мерзiмде "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн; 
2) бiр жарым ай мерзiмде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-81-жолмен толықтырылсын: 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: 
көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-14-жолмен толықтырылсын: 
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
10. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 4-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1247 қаулысымен
бекiтiлген
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ны (бұдан әрі - "ҚазАгро" холдингі" АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
1-бөлім жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.10.2007 № 921 қаулысымен. (24.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары
"ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның мақсатына қол жеткiзу қызметтiң мынадай негiзгi қағидаттарына негiзделедi: 
қоғамдар қызметiнiң мемлекеттiк аграрлық саясат басымдықтарына сәйкес келуi; 
корпоративтiк басқару саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибенi пайдалану; 
"ҚазАгро" холдингі" АҚ және қоғамдар қызметінің   ашықтығы.
3. "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның мiндеттерi
Қойылған мақсат шеңберінде "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның міндеттері мынадай болады: 
инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау; 
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру; 
аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту; 
агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу; 
агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту; 
ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру; 
корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру. 
Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
3-бөлім жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.10.2007 № 921 қаулысымен. (24.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
4. "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның функциялары
Ұйымдарды олардың Директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның негiзгi функциялары мыналар болады: 
әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi жоспарларын, мемлекеттiк бағдарламаларын есепке ала отырып, қоғамдар үшiн мақсаттар қою;
4-бөлімнің екінші бөлігі өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.09.2018 жылғы № 547 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
қоғамдардың стратегиялық даму жоспарларын және қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзiмдi жоспарларын, инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді бекiту; 
мақсаттарға қол жеткiзудi, оның iшiнде қаржылық нәтижелердi барынша арттыруды қамтамасыз ету; 
қоғамдардың жобаларын iске асыруда қаржылық және басқару менеджментiн жүзеге асыруға қатысу; 
сыртқы және iшкi инвестицияларды тарту; 
қоғамдар қызметiнiң тиiмдiлiк индикаторларын әзiрлеу және оның мониторингi; 
қоғамдар алға қойылған мақсаттар мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiн орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ету; 
қоғамдардың қызметiне корпоративтiк басқарудың алдыңғы қатарлы халықаралық қағидаттарын енгiзу; 
қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу; 
қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету; 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де   функциялар.
5. "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны басқару мәселелерi
5-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2014 жылғы № 377 Қаулысымен (22.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жалғыз акционерi болып табылады.
5-бөлімнің бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.09.2018 жылғы № 547 Қаулысына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі «ҚазАгро» холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін айқындайды.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (мәртебесі бірінші басшының орынбасарынан төмен емес), сондай-ақ тәуелсіз директорлар мен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді.
5-бөлімнің үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 506 Қаулысына сәйкес (18.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
"ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне: 
"ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын анықтау; 
"ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның бюджетiн бекiту; 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiреді. 
"ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру жарғылық капиталдың қаражаты, қоғамдардан түсетiн дивидендтер есебiнен қалыптастырылатын кiрiстер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
#$5-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің
24.09.2007 № 829; 07.11.2008 № 1024; 14.07.2009 № 1068; 20.12.2010 № 1378; 10.01.2012 № 10; 07.03.2012 № 302; 22.02.2013 № 167 қаулыларымен.
5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "ҚазАгро" холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-1-бөлім алынып тасталды ҚР Үкіметінің 25.03.2009 № 399 қаулысымен. (13.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
6. "ҚазАгро" холдингі" АҚ мен қоғамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
"ҚазАгро" холдингі" АҚ мен қоғамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның қоғамдардың қызметiне ықпал етуi акционер функцияларын жүзеге асыруы және қоғамдардың тиiстi Директорлар кеңестерiндегi өкiлдiгi арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi. 
Қоғамдардың Директорлар кеңестерiнiң құрамына "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның өкiлдерi, қоғамдар басқармаларының төрағалары және тәуелсiз директорлар кiредi. Қоғамдар Директорлар кеңестерiнiң төрағалары болып "ҚазАгро" холдингі" АҚ өкiлдерi сайланады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1247 қаулысымен
бекiтiлген
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi
#$Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.03.2009 № 297; 27.05.2011 № 589 қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.2020 жылғы № 326 Қаулысына сәйкес (03.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2021 жылғы № 747 Қаулысымен (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
р/с N Атауы Акциялардың мемлекеттiк пакетi
1 Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)  
2 "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы 100%
3 "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамы 100%
4 "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлiк қоғамы 100%
5 Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)  
6 Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)  
7 Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)  
Полная версия
ИС BestProfi