Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы N 1803 Қаулысы
Редакция 01.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 832 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 10 қарашадағы
 N 1803 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.06.2011 № 742 Қаулысымен. (11.02.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 969 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 502-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 10-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҚІжТКША" - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі".
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"Инвестициялық саясат" деген кіші бөлімде:
"2. Сумен қамтамасыз ету және су тарту" деген тарауда:
реттік нөмірлері 96, 97, 98, 99, 100, 101-жолдардың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"6. Мәдениет және спорт" деген тарауда:
реттік нөмірі 123-жолдың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"7. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй нарығы" деген тарауда:
реттік нөмірлері 124, 125-жолдардың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 126, 127, 128, 130-жолдардың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 111-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 4, 51-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
"5. Орнықты экономикалық прогресс" деген бөлімде:
"5.1. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" аббревиатурамен ауыстырылсын;
"5.2. Орнықты және серпінді технологияларды енгізу" деген кіші бөлімінде:
реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "КІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі".
5. "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 — 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы N 209 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 2.1-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі".
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 12.11.2010 № 1199 Қаулысымен. (10.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 10.09.2010 № 924 Қаулысымен. (10.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 11.02.2011 № 130 Қаулысымен. (12.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
9. "2009 — 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы N 916 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"5. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету" деген бөлімде:
реттік нөмірі 38-жолдың 4-бағаны "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
"6. Шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 40, 41, 42, 43, 44-жолдардың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"9. Оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру" деген бөлімде:
реттік нөмірі 80-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе "ҚҚА — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҚІжТКША — Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі".
10. "Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1100 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"1. Тұжырымдама міндеттерін іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру" деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура алынып тасталсын;
"3. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын енгізу" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 9, 10-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпедегі "ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер алынып тасталсын.
11. "2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 45, 514-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасында:
"2009 — 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
реттік нөмірлері 15, 18 және 19-жолдардың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе "ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі".
12. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 29.11.2011 № 1389 Қаулысымен (30.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия
ИС BestProfi