1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 89 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 сәуірде № 9303 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.10.2015 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 16.11.2015 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Әкімшілік және кадр жұмысы департаменті (Ғ.Т.Әбілова) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Т. Есентаев
Келісілді: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы А.М. Байменов ______________________________ 2014 жыл 27 наурызда М.Ө.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 89 бұйрығының қосымшасы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптары
Төрағаның аппараты
Төраға кеңесшісі (2 бірлік), С-3 санаты (№ 02-01, 02-02)
|
Өлшемдері |
Талаптар |
|
Білімі |
Жоғары. |
|
Кәсіптік құзыреті |
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8381 нөмірімен бекітілген) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер. |
|
Практикалық тәжірибесі |
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5084 нөмірімен бекітілген) үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
|
Функционалдық міндеттері |
Төрағаның қызметін қамтамасыз ету; Төрағаға жіберілген корреспонденцияны, шығыс құжаттарын қарау; Төрағаның кездесулері мен Төрағаның қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыру; Төрағаға іссапарларда еріп жүру; Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарымен, ведомстволық және басқа мекемелермен жұмысты үйлестіру және өзара іс-қимылын жасау; ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындау және өндеу; спорт және ойын бизнесі саласын дамыту бойынша ұсыныстарды беру. |
Баспасөз хатшысы, С-3 санаты (№ 02-03)
|
Өлшемдері |
Талаптар |
|
Білімі |
Жоғары әлеуметтік ғылымдар саласында (журналистика мамандығы бойынша), немесе гуманитарлық ғылымдар саласында (халықаралық қатынастар мамандығы бойынша). |
|
Кәсіптік құзыреті |
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8381 нөмірімен бекітілген) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер. |
|
Практикалық тәжірибесі |
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5084 нөмірімен бекітілген) үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
|
Функционалдық міндеттері |
Агенттіктің маңызды іс-шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ресми мәлеметтерді әзірлеу мен шұғыл тарату; бұқаралық ақпарат құралдарының уәкілдері мен басқа да мүдделі адамдарға арналған баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру; агенттіктің шығаратын өнімдер бойынша ақпараттық материалдар, тізімдер мен проспектер басылымы дайындығына қатысу; бұқаралық ақпарат құралдарына агенттіктің әрекеттері туралы сюжеттер мен мақалалардың басылуын ұйымдастыру; агенттік басшылығының қатысуымен ресми шет елдерге іссапарларда қажетті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, баяндама мен аналитикалық материалдарды дайындау; агенттік және төраға туралы қоғамда оң пікірлерді қалыптастыру; Қазақстан Републикасының мемлекеттік органдары жанында бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін аккредиттеу Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8581 нөмірімен бекітілген) Ережесіне сәйкес аккредиттелген журналистермен жұмысты ұйымдастыру; отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынасты ұйымдастыру; агенттіктің әрекеттерін объективті түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының атқарушы билігі мен басқа да ақпараттық қызмет пен ұйымдармен өзара қатынас жүргізу; Төрағаның блогына ақпаратты уақытылы ұсынуын бақылауды қамтамасыз ету; агенттіктің веб-сайтына оперативтік ақпаратты күнделікті беруді қамтамасыз ету. |
Мемлекеттік құпиялар қорғау бойынша бас сарапшы, С-4 санаты (№ 02-04)
|
Өлшемдері |
Талаптар |
|
Білімі |
Жоғары құқық саласында (юриспруденция мамандығы бойынша). |
|
Кәсіптік құзыреті |
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8381 нөмірімен бекітілген) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер. |
|
Практикалық тәжірибесі |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5084 нөмірімен бекітілген) үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
|
Функционалдық міндеттері |
Құпия мәліметтерге негізсіз кіру рұқсаты және тұлғаларға рұқсат беруді болдырмау; жұмыс атқарған барысында құпия мәліметтердің кемуі жолдарын табу және жабу. мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің міндеттері ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16қ қаулысына сәйкес болып табылады. |
Ішкі бақылау басқармасының басшысы, С-3 санаты (№ 03-01)
|
Өлшемдер |
Талаптар |
|
Білімі |
Жоғары экономика саласында, немесе құқық саласында (юриспруденция мамандығы бойынша). |
|
Кәсіби құзыреті |
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8381 нөмірімен бекітілген) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер. |
|
Практикалық тәжірибесі |
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5493 нөмірімен бекітілген) ішкі бақылау қызметін қызметкерлерге арналған үлгі біліктілік талаптарына сәйкес. |
|
Функционалдық міндеттері |
Басқарма жұмысына басшылық жүргізу; республикалық бюджетін орындалуын бақылау, агенттіктің және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік қаражаттардың пайдалануын қадағалау; агенттіктің стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылау, нәтижелерін бағалау; агенттікке және ведомстволық бағынысты мекемелерде ішкі бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету; агенттікте оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалау, Агенттік құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау. |
Ішкі бақылау басқармасының бас сарапшысы (2 бірлік), С-4 санаты (№№ 03-02, 03-03)
|
Өлшемдер |
Талаптар |
|
Білімі |
Жоғары экономика саласында, немесе құқық саласында (юриспруденция мамандығы бойынша). |
|
Кәсіби құзыреті |
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8381 нөмірімен бекітілген) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер. |
|
Практикалық тәжірибесі |
1 . Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5493 нөмірімен бекітілген) ішкі бақылау қызметін қызметкерлерге арналған үлгі біліктілік талаптарына сәйкес. |
|
Функционалдық міндеттері |
Басшылықтың тапсырмаларын, бұйрықтарын уақытылы және сапалы орындау, басқарманың жұмыс жоспарын орындау; басқарма басшылыққа атқарылған жұмыс бойынша есеп беруді қамтамасыз ету; мемлекеттің органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асыру; агенттікте және оның ведомстволық бағынысты мекемелерде ішкі бақылауды өткізуді қамтамасыз ету; бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Агенттік құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау. |

