Близость слов: Окончание:





«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 142-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 142-ө өкімімен
бекітілген
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін айқындау, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, ДСӘДМ

2015 жылғы желтоқсан

С.С. Сарсенов

2.

Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2015 жылғы желтоқсан

С.С. Сарсенов

3.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2015 жылғы желтоқсан

С.С. Сарсенов

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300, «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулылары)

Қазақстан Республикасы

ИДМ

2015 жылғы

С.С. Сарсенов

5.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы желтоқсан

С.С. Сарсенов

6.

Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині

2015 жылғы желтоқсан

С.С. Сарсенов

7.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, ҰЭМ

2016 жылғы желтоқсан

С.С. Сарсенов

8.

Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, Әділетмині

2015 жылғы желтоқсан

С.С. Сарсенов

9.

Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, ІІМ, ҰҚК, Қорғанысмині

2015 жылғы желтоқсан

С.С. Сарсенов

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.
Полная версия
ИС BestProfi