«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-8), 9-9), 9-10),9-11) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11140 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қағидасы;
2) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қағидасы;
3) Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес қағидасы;
4) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны кезеңдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р.Арғындықовқа жүктелсін.
4. Мыналардың:
1) «Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 135-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9315 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 мамырда жарияланған);
2) «Әлеуметтік келісімшарт нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 178-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9407 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 18 (28496) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ___________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 15 сәуір
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ___________ А. Сәрінжіпов 2015 жылғы «___»________
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы «___»________
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы «___»________
Полная версия