«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2022
"Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 маусымда № 11259 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ -13 Бұйрығына сәйкес
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес «Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
3) осы бұйрыққа 3–қосымшаға сәйкес «Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
4) осы бұйрыққа 4–қосымшаға сәйкес «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
5) осы бұйрыққа 5–қосымшаға сәйкес «Химия өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілiк ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 6 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 2 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ___________ В. Школьник 2015 жылғы 2 сәуір
Полная версия