Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 149 қаулысы
Редакция 27.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (22.02.2023 жылғы редакцияны қараңыз)
2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:
5) тармақшаның бірінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
«1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағында көзделген қызметкерлерді қоспағанда, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына берілетін бір ЛА (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, ЛА (тарифтік мөлшерлеме), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;».
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 455 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 858 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 1-тармағының 1) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережені бекіту, «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысы.
6. «Ресей Федерациясындағы Қазан (Татарстан Республикасы) қаласында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің бөлімшесін ашу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1455 қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 284 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 900 қаулысы.
Полная версия
ИС BestProfi