Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2020
Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес 
Редакция 12.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.07.2011 жылғы № 763 Қаулысымен (28.08.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап)
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.11.2008 жылғы № 1048 Қаулысымен (28.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2009 жылғы № 294 Қаулысымен (21.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2009 жылғы № 856 Қаулысымен (25.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.11.2009 жылғы № 1753 Қаулысымен (08.06.2009 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.11.2009 жылғы № 1903 Қаулысымен (04.11.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2010 жылғы № 293 Қаулысымен (01.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2010 жылғы № 846 Қаулысымен (08.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 13.05.2009 жылдан бастап)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.07.2011 жылғы № 763 Қаулысымен (28.08.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.02.2012 жылғы № 234 Қаулысымен (01.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық холдингтер, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған  кеңестердің (олар болған жағдайда) ұсынымдарын ескере отырып, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
1-1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
1-1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2014 жылғы № 952 Қаулысымен (29.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1-2) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы акционер ретінде мемлекет мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
1-2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2014 жылғы № 952 Қаулысымен (29.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы 2018 – 2021 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жібереді;
1-тармақ 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 27.08.2014 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.05.2019 жылғы № 289 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1-4) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы 2016 жылдың қорытындысы бойынша таза кірісінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жібереді;
1-тармақ 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.07.2017 жылғы № 421 Қаулысына сәйкес
2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орта мерзімді даму жоспарларына сай, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
2-1) акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамы 2008 - 2010 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;
3) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар 2007 жылдың қорытындылары бойынша таза кірістің 50 (елу) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды, 2008 жылдан бастап таза кірістің 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;
3-1) ақшалай нысанда орындалуды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беруді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы 2010 - 2020 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;
3-2) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамы 2011 - 2014 жылдардың қорытындылары бойынша таза табысының 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер төлеуге жұмсайды;
3-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы 2013 – 2022 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жұмсайды;
1-тармақ 3-3-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.06.2015 жылғы № 403 Қаулысына сәйкес
3-3-тармақша жаңа редакцяда жазылды ҚР Үкіметінің 28.08.2018 жылғы 28 № 531 Қаулысына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3-4) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;
1-тармақ 3-4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.11.2017 жылғы № 763 Қаулысына сәйкес
3-5) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;
1-тармақ 3-5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.11.2017 жылғы № 763 Қаулысына сәйкес
3-6) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 2017 жылдың қорытындылары бойынша таза кірісінің 6 (алты) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;
1-тармақ 3-6-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 933 Қаулысына сәйкес
4) білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы 2010-2012 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.05.2013 жылғы № 542 Қаулысымен (20.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы 2010-2011 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;
Осы Қаулы 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.05.2013 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес
4-1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.12.2016 жылғы № 787 Қаулысымен (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5) осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, таза кірістің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер мен мемлекеттің қатысу үлестеріне таза табысының бір бөлігін төлеуге жұмсайды деп белгіленсін.
1-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.12.2016 жылғы № 787 Қаулысына сәйкес
1-1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірісті оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсауды қамтамасыз етсін.
Осы Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.11.2009 жылғы № 1903 Қаулыcына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бастап белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін.
2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының материалдық-техникалық базасын дамытуға алынған таза табысты тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Осы Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.06.2009 жылғы № 856 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап)
2-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.05.2013 жылғы № 542 Қаулысымен (20.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2-2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2011 жылдан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін.
Осы Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 02.07.2011 жылғы № 763 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап)
2-3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының иелігінде қалатын есепті жылдың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Осы Қаулы 2-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.05.2013 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес
2-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдардың қорытындылары бойынша алынған, мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін қалған таза кірісінің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Осы Қаулы 2-4-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.06.2015 жылғы № 403 Қаулысына сәйкес
2-4-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Үкіметінің 28.08.2018 жылғы 28 № 531 Қаулысына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2-5. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің таза кірісінің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Осы Қаулы 2-5-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.12.2016 жылғы № 787 Қаулысына сәйкес
2-6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының иелігінде қалған, 2016 жылдың қорытындысы бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін Қазақстан Республикасының банктік және қаржы жүйелерінің тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жіберуді қамтамасыз етсін.
Осы Қаулы 2-6-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.07.2017 жылғы № 421 Қаулысына сәйкес
2-7. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" және "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамдарының иелігінде қалған, 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін Нұр-Сұлтан қаласындағы энергия үнемдеу технологиялары демонстрациялық орталығының және Алматы қаласындағы энергия тиімділігі орталығының құрылысын аяқтауға жұмсауды қамтамасыз етсін.
Осы Қаулы 2-7-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.11.2017 жылғы № 763 Қаулысына сәйкес
2-7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.05.2019 жылғы № 289 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулының 1-тармағының 2-1), 3-2), 3-3) тармақшаларында және осы қаулыға 1, 2, 3 және 3-2-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.07.2011 жылғы № 763 Қаулысымен (28.08.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап)
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.05.2013 жылғы № 542 Қаулысымен (20.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.06.2015 жылғы № 403 Қаулысымен (19.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.12.2016 жылғы № 787 Қаулысына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 26 шілдедегі
 N 633 қаулысына
 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2008 жылғы № 633 Қаулысымен (28.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.11.2008 жылғы № 1048 Қаулысымен (28.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.11.2008 жылғы № 1080 Қаулысымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2009 жылғы № 294 Қаулысымен (21.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.03.2009 жылғы № 399 Қаулысымен (12.03.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.03.2010 жылғы № 152 Қаулысымен (01.01.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008 жылғы № 1048 Қаулысымен (28.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 25.03.2009 жылғы № 399 Қаулысымен (12.03.2009 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.11.2008 жылғы № 1080 Қаулысымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
5-11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-11-тармақтар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008 жылғы № 1048 Қаулысымен (28.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
12. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ.
13. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.12.2014 жылғы № 1330 Қаулысымен (27.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
14. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ.
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 01.03.2010 жылғы № 152 Қаулысымен (01.01.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 26 шілдедегі
 N 633 қаулысына
 2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2008 жылғы № 395 Қаулысымен (26.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.11.2008 жылғы № 1048 Қаулысымен (28.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.11.2008 жылғы № 1080 Қаулысымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.11.2008 жылғы № 1048 Қаулысымен (28.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.11.2008 жылғы № 1080 Қаулысымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 26 шілдедегі
 N 633 қаулысына
 3-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2012 жылғы № 345 Қаулысымен (17.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесі
1. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.03.2012 жылғы № 345 Қаулысымен (17.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.03.2012 жылғы № 345 Қаулысымен (17.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
633 қаулысына
3-1-қосымша
Осы Қаулы 3-1-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.06.2009 жылғы № 856 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап)
3-1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.11.2009 жылғы № 1753 Қаулысымен (08.06.2009 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап)
3-1-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.05.2013 жылғы № 542 Қаулысымен (20.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 26 шілдедегі
 № 633 қаулысына
 3-2-қосымша
Осы Қаулы 3-2-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.12.2016 жылғы № 787 Қаулысына сәйкес
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі
1. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы.
2. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы.
3. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
4. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
5. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.08.2019 жылғы № 631 Қаулысына сәйкес (19.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
6. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
7. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.06.2019 жылғы № 414 Қаулысына сәйкес (15.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
8. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
9. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.05.2018 жылғы № 244 Қаулысына сәйкес (22.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
10. «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы.
Тізбе 10-жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 05.05.2018 жылғы № 244 Қаулысына сәйкес
10-жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.08.2019 жылғы № 631 Қаулысына сәйкес (19.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
11. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы.
Тізбе 11-жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.09.2019 жылғы № 687 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 26 шілдедегі
 N 633 қаулысына
 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы N 906 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., 34, 338-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 39, 412-құжат).
4. "Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесінің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 8, 101-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж, N 15, 192-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы N 599 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 22, 288-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 29, 392-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 4, 40-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 344 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 120-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы N 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 40, 566-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 50, 647-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 37, 414-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы N 1097 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 462-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 133 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 5, 64-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi