1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Внимание! Документ утратил силу с 06.04.2011
Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 377 Қаулысымен. (07.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 07.06.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың 3) тармақшасында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "ұлттық компанияның" деген сөздер "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын, "орта мерзiмдiк жоспарын" деген сөздерден кейiн "(қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 қаулысымен бекiтiлген
Ұлттық компаниялардың тiзбесi
тізбе өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 17.03.2005 № 242, 08.08.2006 № 746, 15.01.2007 № 22, 11.05.2007 № 376, 26.07.2007 № 633, 18.09.2007 № 818, 28.04.2008 № 395, 27.08.2008 № 776, 15.01.2009 № 10, 30.01.2010 № 50, 10.03.2010 № 185, 31.03.2010 № 266, 07.06.2010 № 532 Қаулыларымен. (05.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ
3. "Қазпочта" ААҚ
4. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ
6. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
7. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.03.2005 № 215 қаулысымен. (16.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
9. "Қазақтелеком" ААҚ
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.07.2007 № 633 қаулысымен. (11.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
11. "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы (Қазақпарат)" ААҚ
12. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)" ААҚ
13. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ
14. "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ
15 - 21. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.03.2010 № 185 Қаулысымен. (30.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
22. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ
23. «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
24 - 39. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 266 Қаулыcымен. (10.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
40. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
41. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
42. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
43. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
44. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
45. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
46. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
47. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ
Полная версия