Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2009
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 маусым N 647
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.08.2009. № 1251 Қаулысымен. (12.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Тақырыбында және мәтiнiнде "индикативтiк" сөз "орта мерзiмдi" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 12.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Орта мерзiмдi және бюджеттiк жоспарлау процестерiн үйлестiрудi, орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн. 
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерi Ережеге сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы және кейiнгi кезеңдерге арналған орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) үстiмiздегi жылдың 15 маусымына дейiн 2002 жылға арналған Даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзудi; 
2) бұрын бекiтiлген 2002 жылға арналған даму жоспарларын Ережеге сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн. 
4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының  орта мерзiмдiжоспарларын әзiрлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 432   қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 жыл, N 17, 170-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 14 маусымдағы
 N 647 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
 дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң
 ЕРЕЖЕСI Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың  әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын (бұдан әрi - орта мерзiмдi жоспарлар), акционерi ұлттық холдинг немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды (бұдан әрi - ұлттық компаниялар) қоспағанда, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеу ұғымын және әдiснамалық негiздерiн, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялардың оларды қалыптастыру жөнiндегi өзара іс-қимылының тетiгiн белгiлейдi.  
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе мәслихат бекiтетiн, республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөнiндегі шараларды айқындайтын құжат. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723, 15.11.2004. № 1201, 20.07.2005. № 748, 17.08.2006. № 780, 12.11.2008. № 1048 қаулыларымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
ел экономикасының сыртқы және iшкi факторларға байланысты таяудағы үш жылдағы даму қарқынын негiздейтiн және индикативтi сипаты бар; 
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың экономиканың жеке меншiк және мемлекеттiк секторларын дамыту және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Бағдарламасына сәйкес жоспарланатын кезеңде Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуi үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi iс-қимылдарын айқындайтын; 
әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттiк реттеуiштерiнiң көрсеткiштерi (индикаторлары) мен тiзбесiн қамтитын құжат болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi