Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.01.2016
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 шілдеде тіркелді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 24 қаңтардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 11.06.2015 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015 жылғы № 358 Бұйрығымен (17.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015 жылғы № 358 Бұйрығымен (17.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015 жылғы № 358 Бұйрығымен (17.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015 жылғы № 358 Бұйрығымен (17.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 227 бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі:
1) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 438 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7998 тіркелген, «Заң газетінің» 2012 жылғы 27 қарашадағы № 179 (2361) санында жарияланған);
2) «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау саласында ұсынатын мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 456 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8000 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 17 қарашадағы № 399-400 (27218-27219) санында жарияланған).
3) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 440 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8032 тіркелген, «Заң газетінің» 2012 жылғы 27 қарашадағы № 179 (2361) санында жарияланған);
4) «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 441 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8033 тіркелген, «Заң газетінің» 2012 жылғы 27 қарашадағы № 179 (2361) санында жарияланған);
5) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік ызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 445 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8040 тіркелген, «Заң газетінің» 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 184 (2366) санында жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi