Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 4-6/1154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13379 болып тіркелді
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.
1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2009 жылғы № 10):
«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы»;
* - Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы бойынша қуатты бидай сорттарының және дәнді, жармалық және дәнді-бұршақты дақылдардың аса құнды сорттарының, күнбағыстың жоғары майлы сорттары мен будандарының, рапстың эруксіз және төменглюкозинолатты сорттарының тізіміне енгізілген сорттар мен будандар;
2. «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6153 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 3 (27074) санында жарияланған):
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің ережесінде:
«1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Селекция жетістіктерді қорғау туралы » 1999 жылғы 13 шілдедегі, «Тұқым шаруашылығы туралы » 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды.»;
«2) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі (будан әрі - Мемтізбе) – Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға ұсынылатын сорттарды, тұқымдарды қамтитын Мемтізбе;»;
«5. Мемтізбеге Мемкомиссия жүргізген мемлекеттік сынақ нәтижелері, өтініш берушінің деректері немесе сараптамалық бағалау негізінде Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы және отандық және шетелдік селекциялы басқа да өсірілетін өсімдіктердің сорттары енгізіледі.
Мемкомиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттер жүргізген сынақ нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдалана алады.»;
«9. Мемтізбе мынадай деректерді қамтиды: сорттың атауы, пайдалануға рұқсат берілген немесе ұсынылған жылы, ұсынылатын облыстар, оригинатордың нөмірі, жеке дақылдар бойынша тиісті кодтармен белгіленген сорттың шаруашылық-биологиялық сипаттамасы.».
3-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. «Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 12102 болып тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қазанда жарияланған):
«29. Тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сұрыпқа жататындығы мен олардың сорттық тазалығын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бiрегей және элиталық тұқымдары жерге егіп бағалауға жатады.»;
«2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының кейіннен сатуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi репродукциялы тұқымдары зертханалық сорттық сынақтарға жатады.».
7. «Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 12331 болып тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:
«9. Мемлекеттік орган ақылы қызмет түрлерін көрсету қорытындылары бойынша шот-фактура, орындалған жұмыстар актісін ұсынады, сондай-ақ пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы оң шешім қабылданған кезде, сұрып немесе буданның авторына селекциялық жетістікке авторлық куәлік, ал оригинаторға селекциялық жетістікке куәлік береді.».