Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" 2000 жылғы 28 шiлдедегі N 422 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысы
Редакция 11.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн:
1) жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер;
4) олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттiк халықаралық бағыттар желiсiне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, магистральды темiр жолдар, ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгін реттейтiн және кепiлдендiретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер;
5) магистральдi мұнай және газ құбырлары, кернеуi 220, 500 және 1150 кВ аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi;
6) су техникасы құрылыстары бар су қоймалары, су тораптары, су көздерiндегi суды көтеретін бөгеттер;
7) ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек көрсететiн (қан құю, ана мен бала денсаулығын қорғау жөнiндегi, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және СПИД-пен ауыратын ауруларды, жұқпалы, терi-венерологиялық, психикалық ауруларды емдеу жөнiндегi объектiлер), сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн облыстың, қаланың, ауданның аумағындағы жалғыз мемлекеттiк медицина ұйымдары болып табылатын медициналық ұйымдар;
8) халықты әлеуметтік қорғау объектілері, балалар үйлері, сәбилер үйлері, қарттар үйлері. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, балалар мен қарттарға арналған интернаттар, госпитальдар мен санаторийлер;
9) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру мемлекеттік ұйымдары;
10) мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектілерi.
1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" және "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін.
1-1 тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.03.2001. № 402 қаулысымен, 1-1 тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.11.2002. № 1233 қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.03.2003. № 286 қаулысымен. (24.10.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi;
2) 2-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн акцияларының мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.10.2002. № 1107 қаулысымен. (30.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "1999-2000 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 тамыздағы N 1198 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 368-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына 1-қосымша
2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң бағдарламалары бойынша және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң iргелi бағдарламалары бойынша жұмыс iстейтiн ғылыми-техникалық саланың мемлекеттiк ұйымдары.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен.
2. Мемлекеттiк және жұмылдыру резервiнiң жылжымайтын мүлкi мен екiұдай мақсаттағы өнiм шығару жөнiндегi жұмылдыру қуаттары.
3. Әскери комиссариаттардың немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен азаматтық қорғаныс бойынша жұмылдыру тапсырмалары бар әскери бөлiмдер мен ұйымдарға тiркелiп берiлген мүлiк.
4. Әскери-техникалық мақсатты қамтамасыз етуге байланысты, оның iшiнде көрсетiлген салада, сондай-ақ әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық өшiру салаларында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыруды және алып жүрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк ұйымдар мен объектiлер.
5. Әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуын қамтамасыз етуге байланысты әуе қозғалысын, телекоммуникация желілерiн, инженерлiк желiлердi басқару жүйесiнiң аэронавигациялық қондырғылары.
6. Бақылау, қадағалау және өзге де мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар.
7. Картографиялық-геодезиялық, гидрометеорологиялық мемлекеттiк ұйымдар, обсерваториялар, метеостанциялар және сейсмостанциялар.
8. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң аграрлық бейiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-эксперименталды мемлекеттiк ұйымдары, астық және тұқымдық сараптау фитосанитарлық мониторингтiң мемлекеттiк ұйымдары, сорттық сынау станциялары мен учаскелерi, карантиндiк питомниктер, карантиндi-интродуктивтi зертхана.
9. Мемлекетаралық, облысаралық маңызы бар магистральдi каналдар.
10. Жануарлар ауруларының диагностикасы бойынша референттiк функцияларды, жабайы фаунаның эпизоотикалық мониторингiн, тiркеу сынақтары мен малдәрiгерлiк препараттар серияларын бақылауды, малдәрiгерлiк препараттардың республикалық резервiн сақтауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың айрықша қауiптi жұқпалы ауруларының диагностикасын және олардың таралу ошақтарын жоюды жүргiзетiн мемлекеттiк малдәрiгерлiк ұйымдар.
11. Мемлекеттiк патент жүргiзу ұйымдары.
12. Қатты және сұйық радиоактивтi қалдықтарды ұқсататын, жоятын және көметiн мемлекеттiк ұйымдар, объектiлер мен жабдықтар, мал қорымдары.
13. Молалар мен крематорийлер.
14. Фельдъегерлiк байланыс мүлкi.
15. Жануарлар әлемiн және балық қорын (бейiмдейтiн станциялар, балық питомниктерi, уылдырық өсiру шаруашылықтары) қалпына келтiруге маңызы бар мемлекеттiк ұйымдары.
16. Жер қойнауы, жер асты сулары және қауiптi геологиялық процесстер мониторингi, мемлекеттiк торабының мүлкi мен қадағалау пункттерi.
17. Жануарлар әлемiн сақтау, орманды қорғау және оларды қалпына келтiру жөнiндегi мемлекеттiк ұйымдар.
18. Мектепке дейiнгi және орта кәсiптiк бiлiм беру мемлекеттiк ұйымдары.
19. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң қарамағындағы республикалық маңызы бар мәдениет объектiлерi, сондай-ақ, коммуналдық меншiктегi театрлар, мұражайлар, кiтапханалар және концерттiк ұйымдар.
20. Аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсіптік микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлері.
20 жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.07.2002. № 850 қаулысымен.
21. Биологиялық белсенді қосылыстардың республикалық банкі;
22. Дәрілік заттар мен бөгде қоспалар стандартты үлгілерінің республикалық банкі.
21,22-жолдармен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.08.2003. № 846 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына 2-қосымша
2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
2. "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
3. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ (Алматы қаласы) 100%
4. "КЕGОС" ААҚ - (Kazakstani Electricity Grid Operating Company - Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстан ұлттық компаниясы) (Алматы қаласы) 100%
5. "Қазтеңiзкөлiкфлот" ұлттық кеме жүзу теңiз компаниясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
6.
7. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100% Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8. Алып тасталды - 18.12.2003. № 1267 қаулысымен 9-18. Алып тасталды - 13.03.2003. № 244 қаулысымен 19. Алып тасталды - 22.02.2005. № 161 қаулысымен. (23.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
20. "Бұқтарма СЭС" ААҚ (Өскемен қаласы) 90%
21. "Шульба СЭС" ААҚ (Өскемен қаласы) 90%
22. "Өскемен СЭС" ААҚ (Өскемен қаласы) 90%
23. "Республикалық инновация қоры" ЖАҚ (Алматы қаласы) 100%
24. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды - 20.03.2003. № 277 қаулысымен. (13.03.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
25. "ҚазжолҒЗИ" ААҚ (Алматы қаласы) 90%
26. "Қазқараметавтоматика" ААҚ (Қарағанды қаласы) 90%
26. "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
27. "Индустриалдық парк" ААҚ (Астана қаласы) 100%
27. "Қазпочта" ААҚ (Алматы қаласы) 100% Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
28. Алып тасталды - 23.12.2002. № 1346 қаулысымен 29. Алып тасталды - 31.12.2004. № 1466 қаулысымен. (20.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
31. "Тың машина сынау станциясы" ААҚ (Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Никольское ауылы) 100%
32. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
32. Алып тасталды - 13.03.2003. № 244 қаулысымен 33-34. Алып тасталды - 13.03.2003. № 244 қаулысымен. (18.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
35. "Астана-құс" асыл тұқымды шаруашылығы ААҚ (Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Александровка ауылы) 70%
36. "Асыл түлік" ААҚ (Астана қаласы, Макинск тұйық көшесі, 8)
76,88%"
37. "Ф.М. Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ
40. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100%
41. "Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100%
42. "Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%.
43. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
43-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.04.2013 жылғы № 339 қаулысымен (19.05.2005 ж. редакцияны қараңыз)
44. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ" (Астана қаласы) 100 %
45. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ (Алматы қаласы) 100 %
46. "Қазақ газеттері" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
47. "Жас өркен" ААҚ (Астана қаласы) 100%
48. "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
49. "Қазақжарылысөнеркәсiбi" ААҚ (Алматы қаласы) 100 %
50. "Ұлттық тiркеу орталығы" ААҚ (Астана қаласы) 100 %
51. "Қазагрэкс" ААҚ (Астана қаласы) 100 %
52. "Көлік медициналық қызметі" ААҚ (Алматы қаласы) 34%
53. "Азаматтық авиация академиясы" АҚ (Алматы қаласы) 80 %
54. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ (Астана қаласы) 50%
55 "ҚазҚуат" АҚ" (Алматы қаласы) 100 %
56 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ (Алматы қаласы) 100 %
57. Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ (Астана қаласы) 100% Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.05.2001. № 591, 25.05.2001. № 716, 05.10.2001. № 1284, 23.10.2001. № 1356, 27-жолмен толықтырылды - 16.11.2001. № 1457, 28-жолмен толықтырылды - 13.12.2001. № 1633, 27-жолмен толықтырылды - 15.12.2001. № 1643, 29-жолмен толықтырылды - 20.12.2001. № 1667, 31-жолмен толықтырылды - 15.01.2002. № 51, қосымша өзгертілді - 25.02.2002. № 248, 32-жолмен толықтырылды - 27.04.2002. № 479, 9,14,15-жолдары жаңа редакцияда, 32,33,34-жолдармен толықтырылды - 28.05.2002. № 577, 35,36-жолдармен толықтырылды - 30.07.2002. № 852, 37-жолмен толықтырылды - 10.12.2002. № 1294, 40-41-жолдармен толықтырылды - 20.12.2002. № 1335, 42-жолмен толықтырылды - 18.02.2003. № 169, Жолдар алынып тасталды, 44-жолмен толықтырылды - 13.03.2003. № 244, 24-жол алынып тасталды - 20.03.2003. № 277, 45-жолмен толықтырылды - 12.05.2003. № 442, 46, 47, 48-жолдармен толықтырылды - 15.07.2003. № 695, 49, 50-жолдармен толықтырылды - 16.09.2003. № 940, 43-жолмен толықтырылды - 23.09.2003. № 965, 8-жол алынып тасталды - 18.12.2003. № 1267, 52-жолмен толықтырылды - 18.08.2004. № 865, 27.08.2004. № 903, 53-жолмен толықтырылды - 31.12.2004. № 1466, 22.02.2005. № 161, 04.03.2005. № 207, 17.03.2005 № 242, 19.05.2005. № 475 қаулыларымен. (24.10.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия