Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 121 қаулысы
Редакция 11.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » ақпандағы № қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
«13) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту;
14) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту;
15) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«21) мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау және ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсыну;»;
«78) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы әзірлейтін және бекітетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;»;
«86) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына республикалық бюджет жобасын бағалау жөніндегі қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсыну;»;
«90) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;»;
«616) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша құқықтық актілерді қабылдау;».
2. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
«17. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы»;
«33. Үкімет Аппаратының Басшысы»;
«41. Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысымен (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттары» деген 1-бөлімде:
«Үкімет Қордың акционері ретінде» деген 1-тарауда:
10-тармақта:
төртiншi және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қордың немесе ұйымның Аудит комитеті тәуелсіз директорлардан ғана тұрады. Комитет білікті сарапшыны тартқан жағдайда осы адамның дауыс беру құқығы болмауға тиіс. Сарапшы тарту туралы шешімді Аудит комитеті қабылдайды және оны тарту мәселесі қызмет тиімділігі мен тәуелсіздігі тұрғысынан жыл сайын қаралуға тиіс. Қордың мамандандырылған комитеті Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алынған саласын дамытуға әсерін Қор туралы заңға сәйкес кешенді және объективті түрде талдауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.
Қордың және ұйымдардың өздеріне бөлінген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құзыретіне жатады.»;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттарына аннотациялар» деген 2-бөлімде:
«Үкімет Қордың акционері ретінде» деген 1-тарауда:
10-тармақта:
төртiншi және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қордың немесе ұйымның Аудит комитеті тәуелсіз директорлардан ғана тұрады. Комитет білікті сарапшыны тартқан жағдайда, осы тұлғаның дауыс беру құқығы болмауға тиіс. Сарапшыны тарту туралы шешімді Аудит комитеті қабылдайды және оны тарту мәселесі қызмет тиімділігі мен тәуелсіздігі тұрғысынан жыл сайын қаралуға тиіс. Қордың Мамандандырылған комитеті Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің Қор туралы заңға сәйкес экономиканы немесе экономиканың жеке алынған саласын дамытуға әсерін кешенді және объективті түрде талдауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.
Қордың және ұйымдардың өздеріне бөлінген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құзыретіне жатады.»;
сегізінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Қордың тобына кіретін ұйымдарға талдау жүргізу туралы ұсынысын қарайды, кейіннен мәселелерді белгіленген тәртіппен Қордың Директорлар кеңесіне береді;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) талдау нәтижелерін Қордың Директорлар кеңесіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына береді.».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.07.2025 жылғы № 500 Қаулысымен (07.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (11.07.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (11.07.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (11.07.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.05.2025 жылғы № 359 Қаулысымен (04.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«4) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мәлімдеген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы берген тұжырымдар мен ұсынымдар;»;
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.07.2025 жылғы № 571 Қаулысымен (02.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.06.2025 жылғы № 415 Қаулысымен (23.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)
12. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 866 Қаулысымен (27.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
13. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.07.2023 жылғы № 620 Қаулысымен (13.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысымен бекітілген
Осы Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысымен (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия

