Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 592 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1147 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 525-құжат).
2. «Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 52-құжат).
3. «Клиникалық базалардың тізбесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 160-құжат).
4. «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 531 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 478-құжат).
5. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат).
6. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 640-құжат).
8. «Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 642-құжат).
10. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 21, 22 және  23-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат).
11. «Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз өткізуге жатқызу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1460 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 117-құжат).
12. «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу, оларды тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1461 [қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 118-құжат).
13. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1595 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 193-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы»2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1621 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж. № 11, 211-құжат).
15. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту және «Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1692 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 16, 261-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 378 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2, 3, 4 және 5-тармақтары (2012 жылғы 18 сәуірдегі № 106-107 (26925-26526) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
17. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 тамыздағы № 1062 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 946-құжат).
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1772 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2, 3, 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 160-құжат).
19. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 242-құжат).
20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат).
21. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 668 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 582-құжат).
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 тамыздағы № 817 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 48, 672-құжат).
23. «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 917-құжат).
24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 525-құжат).
25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 8, 80-құжат).
26. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 44, 423-құжат).
27. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1066 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 572-құжат).
28. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 94 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 8-9, 51-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi