Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 11 қыркүйектегі
 № 774 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 629-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 наурыздағы № 147 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 68-құжат).
4. «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 385-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 1302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 529-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 38, 367-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 477 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 35, 282-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1076 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 538-құжат).
9. «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 155-құжат).
10. «Авиатасымалдарды ұйымдастыру қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 428 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 404-құжат).
11. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 443 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 415-құжат).
12. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат).
13. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 532-құжат).
14. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау талаптарын және қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 48, 649-құжат).
15. «Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 21-құжат).
16. «Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1115 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 980-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 және «Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1560 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 44-құжат).
18. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 157-құжат).
19. «Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 143 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 284-құжат).
20. «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы  11 сәуірдегі № 340 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 392-құжат).
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 873-құжат).
23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1308 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 924-құжат).
24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 75, 989-құжат).
25. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 13, 111-құжат).
26. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 20, 152-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi