Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдерінің күшін жою және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 724 бұйрығы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды теп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы бұйрықпен бекітілген күші жойылуға жататын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдері тізбесінің 2 және 3-тармақтары 2015 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған құқықтық-қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің
 2015 жылғы 15 қыркүйектегі
 № 724 бұйрығына
 1-қосымша
Күші жойылуға жататын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6711 тіркелген, 2011 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 130-133 ).
2. «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 310-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7168 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 493).
3. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 311-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7169 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 493).
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 561-Ө-М бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8970 тіркелген, 2014 жылғы 2 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 63).
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің
 2015 жылғы 15 қыркүйектегі
 № 724 бұйрығына
 2-қосымша
Күші жойылды деп тануға жататын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарификатор қызметтерінің шығын сыйымдылығы коэффициентін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 284 бұйрығы.
2. «Республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау, стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығы.
3. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде сапа мен көлемі бақылауға жататын жағдайларды «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімінде» автоматтандырылған таңдауды жүзеге асыру үшін оныншы қарау денсаулығына байланысты аурулардың және проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесіне сәйкес аурулардың тізбелері, медициналық манипуляциялар мен араласулардың тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығы.
4. «Республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде сапа мен көлемі бақылауға жататын жағдайларды автоматтандырылған таңдауға арналған тізбелерді клиникалық-шығынды топтардың, медициналық манипуляциялар мен араласулардың тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 54 бұйрығы.
5. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 5 наурыздағы № 149 бұйрығы.
6. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 197 бұйрығы 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары.
7. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 484 бұйрығы.
8. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 900 бұйрығы.
9. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемдициналық ұйымдар үшін медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылығының және стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің коэффициенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығы.
10. «Медициналық қызметтер көрсетудің ақауларын есепке алу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 96 бұйрығы».
11. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығы.
12. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 126 бұйрығы 1-тармағының 1) тармақшасы.
13. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 303 бұйрығы.
14. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 тамыздағы № 453 бұйрығы. 
15. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 496 бұйрығы.
16. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 623 бұйрығы.
17. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 6 қарашадағы № 647 бұйрығы.
18. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 662 бұйрығы.
19. «Медициналық қызметтердің тарификаторын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 770 бұйрығы.
20. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 40 бұйрығы.
21. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 143 бұйрығы.
22. «Медициналық қызмет тарификаторын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 770 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 209 бұйрығы.
23. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 209 бұйрығы.
24. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 468 бұйрығы.
25. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 205 бұйрығы.
26. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдардың шығындарын өтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 234 бұйрығы.
27. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 373 бұйрығы.
28. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық коэффициенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 48 бұйрығы.
29. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық коэффициенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 184 бұйрығы.
30. «Халықты жұмыспен қамту туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 295 бұйрығы.
Полная версия
ИС BestProfi