Близость слов: Окончание:





«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысы
Редакция 14.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы оған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде:
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (23.09.2022 жылғы редакцияны қараңыз)
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
5. «Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидаларында:
«3) республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҰАҒББО» КЕАҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер берілуін ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
4) Азық-түлік корпорациясын және «ҰАҒББО» КеАҚ-ты корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.»;
«4. Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2017 – 2021 жылдарға арналған даму жоспарына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді «ҰАҒББО» КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар аграрлық салада Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.».
6. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
7. «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысында:
республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесінде:
8. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
9. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат):
«2. «Бәйтерек» холдингі қызметінің негізгі мәні өзіне меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) басқару, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру болып айқындалсын.».
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
реттік нөмірлері 1-1, 50-2, 50-3, 67-3, 78-жолдардағы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісу бойынша),» деген сөздер алып тасталсын.
11. «Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 645 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасында:
«2. Астананы азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету шаралары» деген бөлімде:
екінші бөліктегі «Қазагро» ҰБХ» АҚ» деген сөздер «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
«4. Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
реттік нөмірі 13-жолдың 5 және 6-бағандарындағы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ» деген сөздер «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
аббревиатуралардың толық жазылуында:
«Қазагро» ҰБХ» АҚ – «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы;».
12. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 39-40-41, 215-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
бүкіл мәтін бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының», «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ деген сөздер «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының», «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпеде: аббревиатуралардың және қысқарған сөздердің толық жазылуында:
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы» деген аббревиатура мен сөздер «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын.
13. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында:
бүкіл мәтін бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы», «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ЕҰ» деген сөздер «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы», «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ЕҰ» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ЕҰ» – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы» деген аббревиатура мен сөздер «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ЕҰ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын.
14. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
14-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысымен (27.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 900 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясында:
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
«1.1. Сыртқы ортаны талдау» деген кіші бөлімде:
«Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымдары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өнімдерін өндіруге және оларды экспортқа ілгерілетуге қолдау көрсетеді.» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымдары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өнімдерін өндіруге және оларды экспортқа ілгерілетуге қолдау көрсетеді.».
16. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
16-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.07.2022 жылғы № 482 Қаулысымен (02.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
17. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
17-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2022 жылғы № 733 Қаулысына сәйкес (15.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi