Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысы
Редакция 30.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.10.2019 жылғы 12 сәуірдегі № 798 Қаулысына сәйкес (11.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 15-құжат):
«Ереже ерекше режим белгiленетiн әскери, қорғалатын және басқа объектiлердi (бұдан әрi — ерекше режим объектiлерi) жаңадан игерiлетiн (жайластырылатын, салынатын) аумақтарда орналастыруды жоспарлаған әрi орналастырған кезде, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қала құрылысы регламентациясының әдiстерiмен режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қорғалатын объектілерді елді мекендерде орналастыруға арналған режимдік аумақтардың аймақтары объектілердің сыртқы шекарасынан 100 метр арақашықтықпен шектелген, ал олардың шегінен тыс 1 километр жер учаскесі болып табылады.
Көрсетілген аумақтардың шегінде сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру мен келісу тәртібі қарамағында аталған аумақ орналасқан жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісілген актісімен айқындалады.».
4. «Мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 347 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 187-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiнде:
«17. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi Байланыс және ақпаратты техникалық қорғау департаментiнiң ведомстволық байланыс бөлiмi.».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.09.2023 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (29.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.05.2018 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (28.12.2016 ж. ескертуді қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. «Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 170-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесінде:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;»;
9. «Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесінде:
«16. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы».
10. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат):
«Тыйым салынған аймақтар мен ұшуларды шектеу аймақтарының тізбесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.»;
«Адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және оны ашу іс-шараларына байланысты ұшуды орындауды қоспағанда, белгіленген маршруттардан тыс елді мекендер үстімен ұшуды орындауды келісу ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ұшу басталғанға дейін кемінде 3 тәулік бұрын жүргізіледі. Күзету іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің белгіленген маршруттардан тыс елді мекендер үстімен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен ұшу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын келісілді.»;
«Пайдаланушылар күзетілетін объектілер үстінен барлық пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтықтан басқаратын әуе кемелерінің немесе басқарылатын аэростаттардың ұшуын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен осындай ұшу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын келіседі.».
11. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:* — қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісім бойынша, ал Астана және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісім бойынша жүргізіледі.».
12. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 56, 800-құжат):
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерін тарта отырып күзетілетін адамдардың жұмысы мен тұрғылықты жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.»;
«1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірлесіп күзететін, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілер;»;
2) көрсетілген қаулымен бектілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:
«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар» деген 1-бөлімде:
«66) бөлімшелер (бұдан әрі – бөлімшелер) – объектілерді мемлекеттік күзетуді қамтамасыз ететін Мемлекеттік күзет қызметін, Қарулы Күштерді, Ішкі істер министрлігін қамтиды.».
13. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 675-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін (Республикалық ұлан) жасақтау үшін жақсы дене дайындығы, жалпы орта білімінен төмен емес білімі бар әскерге шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу жүзеге асырылады;».
14. «Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1038-құжат):
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларында:
«1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң (бұдан әрі – қызметкерінің) денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.».
15. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 403 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 137-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларында:
«Бұл ретте біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінде болу кезеңі ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мекемелерінде өткеру кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап, ал аталған күнді белгілеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде өзін тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы алғашқы баянат берілген күнінен бастап белгіленеді.».
17. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бектілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:
«9. Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі – «Сырбар» СБҚ) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – МКҚ) есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей пайдаланылмайтын мүлік туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – ҰҚК) жібереді.
10. Алынған мәліметтердің негізінде ҰҚК арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлікінің жалпы тізбесін жасайды және оны мүлікке қажеттілікті айқындау үшін Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға, «Сырбар» СБҚ және МКҚ-ға жібереді.
11. Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, «Сырбар» СБҚ, МКҚ пайдаланылмайтын мүліктің жалпы тізбесін алғаннан кейін бір ай мерзімде ҰҚК-не мүлікке қажеттілік туралы немесе мұндай қажеттіліктің жоқтығы туралы бірінші басшы орынбасарының қолы қойылған жазбаша өтінім жібереді.
Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, «Сырбар» СБҚ мен МКҚ-дан өтінімдер алынғаннан кейін арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкінің түпкілікті тізбесі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісім бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі (бұдан әрі – бекітілген тізбе).».
18. «Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 708-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;»;
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;».
19. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
19-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.04.2021 жылғы № 234 Қаулысына сәйкес (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
20-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 734 Бұйрығымен (12.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
21-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 733 Қаулысымен (12.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия