Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 24 қарашадағы
 № 941 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 24-құжат).
2. «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1375 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 634-құжат).
3. «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 70 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 33-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 913 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 271-құжат).
5. «Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1373 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 71-құжат).
6. «Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 227-құжат).
7. «Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 342-құжат).
8. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 412-құжат).
9. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы 
№ 520 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 469-құжат).
10. «Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 634 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 526-құжат).
11. «Азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 676 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 548-құжат).
12. «Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 680 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 552-құжат).
13. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 713 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 571-құжат).
14. «Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 768 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 613-құжат).
15. «Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шілдедегі № 823 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 644-құжат).
16. «Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 656-құжат).
17. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 шілдедегі № 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 666-құжат).
18. «Бөлінбейтін ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 902 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 696-құжат).
19. «Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1017 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 752-құжат).
20. «Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 1159 қаулысы.
21. «Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 1190 қаулысы.
22. «Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1406 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 85-құжат).
23. «Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшiн тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1723 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 18, 283-құжат).
24. «Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 651-құжат).
25. «Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 844 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 807-құжат).
26. «Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 68, 979-құжат).
27. «Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 1341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1101-құжат).
28. «Азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 676 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1767 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 156-құжат).
29. «Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 87 қаулысы   (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 254-құжат).
30. «Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 8 ақпандағы № 108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 258-құжат).
31. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 379 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 418-құжат).
32. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 405 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 434-құжат).
33. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
34. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 506-құжат).
35. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 574 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 535-құжат).
36. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
37. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 699-құжат).
38. «Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 924 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 733-құжат).
39. «Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 925 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 734-құжат).
40. «Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 5 ақпандағы № 87 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 883-құжат).
41. «Метрополитеннің қауiптілігi жоғары аймағында болу және онда жұмыс жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 1319 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 933-құжат).
42. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1390 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 73, 966-құжат).
43. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1424 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 75, 985-құжат).
44. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 75, 989-құжат).
45. «Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23 қазандағы № 1341 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 75, 990-құжат).
46. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1432 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 76, 993-құжат).
47. «Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1033-құжат).
48. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1037-құжат).
49. 1-тармақтың 5) және 7) тармақшаларын, 2, 3, 4-тармақтарын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережесiн бекiту туралы» 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 және «Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 12, 108-құжат).
50. 1-тармақтың 1) тармақшасын және 2-тармақты қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өңдеу өнеркәсібі саласында көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 202 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 18-19, 140-құжат).
51. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 30, 262-құжат).
52. «Бағалы металдармен, олардан жасалған өнімдерді қоспағанда, және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 529 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 34, 331-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi